Коронавирустан қаза тапқандар саны артты

Бөлісу
Ендіру
  • Жарияланды 2020 ж. 24 Қаң.
  • «Хабар» әлеуметтік желілерде / «Хабар» в социальных сетях:
    Instagram: khabartv
    Facebook: khabartv
    Twitter: KhabarTV
    Вконтакте: khabartv
    Одноклассники: ok.ru/khabar.agentstvo
    Қытайда коронавирустың жаңа түрінен 26 адам көз жұмды.
    Қауіпті дертті жұқтырғандар саны 800-ден асады. Кемінде 100 адам ауыр халде жатыр. Індеттің таралу қаупіне байланысты Хубэй провинциясының 10 қаласында көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Тұрғындарға, адам көп жиналған орындарға бармауға және үнемі бетперде киіп жүруге кеңес берілді. Ал вирустың ошағы 11 млн тұрғыны бар Ухань мен Хуанган қалаларында карантин жарияланған. Қытай астанасы Бейжіңде, Шанхай қаласы мен Хубэй провинциясында қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға әрекет етудің ең жоғарғы бірінші деңгейі енгізілді.
    Сондай-ақ ай күнтізбесі бойынша 25 қаңтарда басталатын Жаңа жыл мерекесі Бейжіңде тойланбайтын болды. Аурудың адамнан адамға тарайтынын ескеріп, көптеген ел қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Бұл дертке шалдыққандар Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, АҚШ, Сауд Арабиясы, Вьетнам, Сингапурде анықталған.
    Ху Кэ, Хубэй провинциясындағы науқастарды емдеуші дәрігерлер тобының сарапшысы:
    - Қазір енгізілген шаралар коронавирустан туындайтын өкпенің қабынуын емдеуге бағытталған. Олар Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің бағдарламасы мен Ухань қаласындағы науқастарды емдеу тәжірибесінің негізінде дайындалды.
    Әлем елдері жаңа типтегі коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қабылдауға дайын болуы тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Халықаралық ұйым: «Дерттің алдын алып, оның таралуын тоқтатуға баса назар аударған жөн», - дейді. Бұған дейін Женевада шұғыл отырыс өтіп, ұйымның бас директоры: «Жаңа вирусқа байланысты, жаһандық төтенше жағдай» жарияланбайды», - деген еді. Мамандар жұқпалы аурудың қауіптілік деңгейін жіті бақылауда ұстап отырғанын айтып, оның өзге елдерге таралуы туралы ақпарат зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
    Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:
    - Біз мынаны ескергеніміз жөн, төтенше жағдай Қытайда ғана орнаған. Күллі әлемде төтенше жағдай жариялайтындай қауіп жоқ. Қытай билігінің қолға алған шаралары індеттің таралуына тосқауыл болады деп үтміттенеміз.
    Коронавирус өршіген Қытайдан елге келетін азаматтар қатаң тексеріледі. Алматы әуежайында құтқарушыларға, санитарлық дәрігерлер мен экипаж мүшелеріне қауіпті вирус анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігі көрсетілді. Оқу-жаттығу сценариіне сай, Қытайдың Ухань аймағынан келген қытайлық азаматтан коронавирус белгілері байқалған. Арнайы капсула көмегімен науқас әуежайдан жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, ұшақтағы жолаушылар тексерілді. Жалпы жыл басынан Қытайдан Алматыға 63 әуе рейсімен келген 7600 жолаушы мен 500-дей экипаж мүшелері тексерілген. Әзірге жұқпалы ауру белгілері анықталмаған.

Пікірлер • 0